“Селденқорғау Құрылыс” РМК директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

ҚР ІІМ ТЖК-ға қарасты “Селденқорғау Құрылыс” РМК директоры пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ТЖК-ға қарасты «Селденқорғау құрылыс» РМК директорына қатысты пара алу әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол республикалық маңыздағы автомобиль жолы учаскесі бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қою үшін компания басшысынан 5 миллион теңге көлемінде пара сұраған деп күдіктелуде.

Күдікті Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изольяторына тоғытылды. Оған қатысты соңғы үкім сотта шығарылады.