“Шегін деген команда түсті”. Арыстағы оқиғаны толық сипаттайтын видео жарияланды

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыста болған жарылысқа қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеода Арыстағы қойманың жарылған сәтінен бастап ақырына дейін не болғаны баяндалады. Сөйтсе ол араға, ең бірінші боп ҚР Қарулы күштердің өрт сөндірушілері жеткен. Бірақ алапат өрт ортасында қалған олар қанша жанталасқанымен өрттің бетін қайтара алмайтындарын түсінген. Өйткені бұл кезде от оқ-дәрілеріге жетіп, олар жан-жаққа бей-берекет атқылай бастаған. Сонда оларға: “Шегініңдер!” деген бұйрық беріледі.

Видеода төтенше жағдай кезінде әскери өрт сөндірушілердің жылдам әрекет еткендігі, өрт сөндірушілердің сұхбаты көрсетілген. Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ҚР Қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдерінен 2500-ден аса адам қатысқан.

Жарылыстан 1 қала тұрғыны және өрт сөндіру кезінде екі әскери қызметші қаза тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысындағы Арыс қаласында орналасқан әскери қоймада жойқын жарылыс болды.