Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында халықпен кездесу барысында шетелдегі қандастарға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

“Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз”, – деп келтіреді Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.