Шибутов: Ең парақор мемлекеттік орган – ІІМ – Ел жаңалықтары

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігін ең парақор мемлекеттік орган деп атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Transparency International Kazakhstan қамқоршылық кеңесінің төрағасы Марат Шибутов парақорлық деңгейі құрылыс және көлік тасымалы салаларында жоғары екенін айтты. 

“Қазақстандағы парақорлық… Мемлекеттік органдар жайлы айтар болсақ, бұл, әрине ІІМ. Егер салалар жайлы айтар болсақ – құрылыс, көлік тасымалы және құқық қорғау қызметіне қатыстының барлығы. Негізінде, көбіне пара беру деректері жиік кездеседі. Бірінші кезекте бұл жол ережесін бұзу. Негізінде, параны азаматтар ереже бұзғанын көрсетпеу үшін береді. Азаматтарға айтарымыз: “Сіздер біздің елде парақорлық жайлағанын айтасыздар. Бірінші кезекте заң бұзбаудан бастаңыздар, пара бермеңіздер”. Сіздер осыны тыйған уақытта, парақорлықта азая түседі”, – деді Шибутов “Қазақстан 2018 жылғы парақорлық көрсеткіші” тақырыбында өткен брифингте. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша, парақорлық деңгейі 31 ұпай алды және Джибути, Габон, Мальдив және Непал сынды елдермен қатар 124-орынға тұрақтады. 

Сонымен қатар, Transparency International Kazakhstan маманы елдің оңтүстігінде басқа өңірлермен салыстырғанда көлеңкелі экономика айналымы жоғары екенін атап өтті. 

“Парақорлық заң бұзушылықтар Астанада жиі кездеседі, себебі мұнда орталық мемлекеттік органдар орналасқан және оның барлығы қала есебіне тіркеледі. Бұл автоматты қателік. Ал егер өңірлер жайлы айтар болсақ, мұнда парақорлықтан гөрі көлеңкелі экономика белең алған. Ең үлкен көлеңкелі экономика Түркістан облысы және Шымкентте тіркеледі”, – деді Марат Шибутов. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz