Шодиев қоры Өзбекстанға 200 миллион доллар бөлді деген ақпаратты жоққа шығарды

Шодиев халықаралық қоры Қазақстандағы кейбір әлеуметтік желілерінде “Патох Шодиев мырзаның Өзбекстандағы коронавирусқа қарсы іс-шараларға деп 200 миллион доллар бөлді” деп тарап жатқан ақпараттың негізсіз екенін ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шодиев халықаралық қоры (ICF) – Патох Шодиев 1996 жылы негізін қалаған үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы. Қор ТМД елдерінде, Азия мен Еуропада қайырымдылық жобаларымен айналысады.