Шварцнеггердің ұлы әкесінің атақты суретін қайталады – Бір үзік

Голливуд актері Арнольд Шварцнеггердің 43 жыл бұрынғы түскен суретін 21 жастағы ұлы Джозеф Баена қайталады, – Тengrinews.kz тілшісі. Ол суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Жас та болса да Джозев көп уақытын спортқа жұмсайды, сол себепті айтарлықтай бұлшық еттерімен мақтана алады. Әзірге әкесінің жетістігіне жетпесе де, оған ұқсап бағуға барын салып жүргені анық. 

“Сәл ғана семіздеумін”, – деп жазды ол суреттің сипаттамасында. 

Шварцнеггердің оригинал суреті 1975 жылы түсірілген. Ол кездің өзінде танымал болған культуристің жасы 28-де болған. 

Жігіттің парақшасына жазылған Желі қолданушылары позитивті пікір қалдырып, қолдау білдірді. Пікір қалдырушылардың бірі болашақ “терминаторды” көріп тұрғанын жазған. Алайда көптеген оқырман әкесінің жетістігін қайталау үшін оған үзбей дайындық жасау керектігін жазған. 

1967 жылы Арнольд Шварцнеггер Mister Universe байқауының тарихында ең жас культурист болып танылған. Сонымен қатар ол жетідүркін Mr Olympia титулының иегері. 

Джозеф – Шварцнеггердің үй тазалаушысы гватемалдық Милред Патрисиядан туған ұлы. Ол актердің үйінде 20 жылдай уақыт жұмыс істеген. Кәмелет жасқа толғанға дейін Джозеф әкесінің киножұлдыз екенін білмеген. Арнольд некесіз туған баласымен жақсы қарым-қатынас орнатып, қаржылай көмек көрсетіп жүр. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz