Шымкент полицейлері жетім балаларды қамқорлығына алады – Ел жаңалықтары

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Е. Жұмаханбетов жеке құраммен өткізген аппарат жиналысында полицейлерге № 4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алу туралы ұсыныс тастады, – деп хабарлайды “Отырар”.  

Жеке құрамның қызметкерлері бірауыздан келісті. 

Қазіргі уақытта № 4 балалар үйінде 92 бала тәрбиеленіп жатыр. 2018 жылы 17 түлек шыққан. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Мемлекеттік мекеме Сайрамдық № 3 мектеп-интернаты 1957 жылы құрылған. 1992 жылы қайтар жасақталған. 

2014 жылы 24 қыркүйекте Шымкент қаласының № 4 балалар үйі коммуналдық мемлекеттік мекеме болып тіркелген.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz