Шымкентте келіншек сауда – ойын сауық орталықта босанып қалды – Ел жаңалықтары

Шымкентте сауда – ойын сауық орталықтардың бірінде келіншек қыз босанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz етілшісі.

10 ақпанда таңертең сағат 9.26-да сауда – ойын сауық орталық қызметкері екінші қабатта келіншектің толғағы басталғанын хабарлады. Ол жерге күзет пен кезекші дәрігер тез арада жетіп, толғақты күзет қызметкері Ботагөз Әлихан қабылдаған. Ал жедел жәрдемнің көмегі босанғаннан кейін қажет болды. Шымкент тұрғына сағат 9.28-де қызды болды.

Кейін олар облыстық перинаталы орталыққа жатқызылды. Қазіргі таңда ана мен бала ауруханада жатыр. Қызды Аиша деп атады, оның өміріне қауіп жоқ.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz