Шымкентте жүрген арыстықтар жер мен үй сұрап көшеге шықты

Халық қаладағы Темірлан тас жолын жауып тастады. Жиналған жұрттың алдына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахымов шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент әкімі халықты тыныштыққа шақырды. Ол қаланың орталық жолдарының бірін жауып, Шымкенттен пәтер мен жер сұрау – қазіргі қолданыстағы заңдарға сай келмейтінін айтып кетті.

– Шымкенттен үй сұрайсыздар. 130 мың адам, оның ішінде табысы төмен мүгедектер де үйдің кезегінде тұр. Мен оларға не деймін? “Сендерге бермеймін, Арыс тұрғындарына беремін деуім керек пе?” Олар да адам ғой… Арыс – жақсы қала, станция. Экономикасы әлі дамиды. Ертең-ақ ол жерде ешқандай оқ дәрі болмайды. Жаңа үйлер салынып, жаңа жолдар салынады, – деді Шымкент әкімі.