Синоптиктер күннің күрт суытатынын ескертеді

Елімізде ауа-райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер күн күрт суытады деп болжам жасайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, мәселен, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында ауа температурасы 1 градус жылы болды, ал бүгін термометр бағаны 15-ке дейін күрт төмендеп кеткен. Салдарынан қала көшелері көкмұз болып жатыр.

Сондай-ақ еліміздің солтүстігі мен орталығында да аяз күшейе түседі. Ал Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жететіні, ұйытқыған боран болатыны ескертіледі.ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, бүгіндері республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 27 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді.