Сирек дертке шалдыққан алматылық қызға қаржылай көмек керек

Сирек кездесетін дертке шалдыққан 18 жасар алматылық Алтынай Сайлаубаеваға шұғыл шетелдік білікті мамандардың диагностикасы қажет, деп хабарлайды /tazael.kz/

Шетелдік дәрігерлер медицинаның соңғы үлгідегі техника және технологиясымен Алтынайға диагностика жасап, ем тағайындауға дайын, бірақ оған қысқа уақытта ақша табу қиынға соғуда. Сондықтан Алтынайдың анасы елден көмек сұрайды.

Айта кетсек, Алтынай шалдыққан сирек дерт – Синдром-Тернермен, статистика бойынша, Қазақстанда үш бала ауырады екен. Сондықтан ол отандық дәрігерлердің жіті бақылауында. Бірақ біздің медицина сирек кездесетін дертті ауыздықтауда шарасыз.

Алтынай туғанда 900 грамм болып туған. Диагнозы: Синдром Шершевский-Тернер. Сау адамдарда хромосом 46 ХУ жұп болса, Алтынайда 45 ХО хромосома. Синдром-Тернер. Бұл дертпен әлем бойынша 4 мың адам ауырады. Ал Қазақстанда үш бала оған шалдыққан. Мұндай балалардың бойы өспейді. Женский гармон болмайды. Салмақтары өте жеңіл болады. Қазір Алтынайдың салмағы – 29 келі, бойы – 131 см. Сыртқы пішіні өспейді. Асқазаны үлкейіп үрленіп кете береді. Ойлау қабілеті тежелген. Есту мүшелері төмен. Тілінде ақауы бар.

“Баланың сырты өспегендіктен ішкі құрылысы денесіне сыймай жабысады. Былтыр Астанада Ана мен бала орталығында Алтынайға 9 сағат 20 минут ота жасалып, тік ішектің 50 пайызы кесіліп алынып тасталды. Себебі асқазан үрленгенде ішектері қысылып ішек жабысып ағзада (спайка брюшной полости) түйілу (приступ) ауыру орын алады. Ондай кездері Алтынай жүре алмай коляскаға отырып қалады.

Қазақстандық дәрігерлер асқазан үрленгенде зонт қойып, жұлыннан ауруды басатын эпидуралка қою арқылы бупивокайн (наркологиялық ауруды сездірмейтін дәрі) салып отырады. Ендігі уақытта Алтынайды шетелдік медицанаға жүгінуі үшін шетелде емдету жоспарда бар. Ол үшін белгілі шетел клиникаларымен сөйлесіп, келісу жүргізілуде. Дегенмен, оған қаражат керек. Ем-домы, дәрісі барлығы қымбат. Алдағы желтоқсан айында Алтынай мен анасы шетелде ем алуы үшін бірқатар істер атқарылуда. Уақыттың тығыздығы, баланың жағдайының қиындап бара жатқаны бей-жай қалдырмаса екен дейміз. Сол үшін қайырымды жандардан қаржылай көмек сұраймыз” делінеді арнайы хабарламада.

Каспий голд: 5169 4931 7919 9073 (анасы Сайлаубаева Қарлығаш) Телефон 8707 518 46 18. (голд осы телефонда)

6 желтоқсанда сағат 16:00-де Жазушылар Одағында Алтынайға арналған қайырымдылық концерті қоса өткізіледі. Билет құны: 1000 теңге.

Алтынайға көмектесші, Алашым!