Студенттер жүлделі оралды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-техникалық факультеті, жылуфизика жəне техникалық физика кафедрасының ұстаздары “стандарттау жəне сертификаттау” мамандығы бойынша студенттерді өте жоғары дəрежеде дайындап отырғандарын биыл тағы да дəлелдеді. Аталмыш сала бойынша 4 курс студенттері Есет Нургуль, Аблаева Айгерім, Нұраған Сымбат деген студенттерден құралған команда мемлекет бойынша 12 ЖОО командаларының қатысуымен Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінде өткен Республикалық пəндік олимпиададан білімдерінің арқасында, таза еңбекпен үшінші орынды иеленді. Былтырғы жылы осы пәндік олимпиададан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ екінші орынға иеленген.

Олимпиада «Стандарттау және сертификаттау», «Өлшеудің жалпы теориялары» деген екі пәннен өтті. Алғашқы турда «Стандарттау және сертификаттау» пәнінен тест тапсырмаларын орындады. Республика бойынша әр түрлі ЖОО келген 36 қатысушы студенттердің ішінен 12 студент екінші турға өте алмады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан қатысып отырған үш студент те білімдерінің арқасында екінші турға еркін өте алды. Басқа ЖОО студенттерінің арасында білім бəйгесінен алға шыққан студенттеріміз кафедра ұстаздарының осындай жақсы білім бергендеріне, мүмкіндік бергендеріне, қаржылай көмек көрсеткендеріне алғыстарын білдіруде. ҚазҰУ «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша физика-техникалық факультеті, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасының ұстаздары арнайы курс ашып, студенттерді пәндік олимпиадаға ақысыз түрде дайындауда.  Ұстаздардың ерен еңбегі мен құйған білімдері үнемі жоғары нәтиже беріп отырса қандай тамаша!

Гумарова Ш.Б.

Куйкабаева А.А.