Су ресурстары комитетінің басшысы қамалды – Ел жаңалықтары

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

“Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға – 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады”, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланбай отыр.

Айта кетейік, 15 наурызда Ислам Әбішевтің қызметтен шеттетілгені хабарланған еді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz