Суханбердиева не бүлдірген

Ұлттық бюро бұрынғы білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол қызметтік лауазымын асыра пайдалану, пара алу, кәсіпкерлікпен заңсыз айналысу сияқты күдіктерге ілікті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастароваға сілтеме жасап.

– Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпаратты жариялауға болмайды. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады, – деген ол Суханбердиеваға қарсы қозғалған істегі эпизодтардың бірі оның 2016-2018 жылдардағы жұмысына қатысты екенін айтты.

Экс вице-министрге үш бап бойынша – ҚР ҚК 361,366, 364 баптарымен айып тағылды. Дәл қазір Ұлттық бюрода Суханбердиева мен Әлімқұлов істерінің өзара байланысы бар дейтіндей деректері жоқ.

Эльмира Суханбердиева 1971 жылы туған.

Еңбек жолын Шевченко қаласындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы №7 орта мектептің, Астананың №60 мектеп-лицейінің директоры, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

2016 жылдың сәуірінен бері ҚР білім және вице-министрі қызметінде отырған.

Арасында 1 жыл бала күтімімен демалыста болды.