
Еліміздің бірқатар қаласында ауа сапасы күрт төмендеген. Олардың алғашқы көрсеткішін – Алматы мен Астана қалалары бастап тұр. Әсіресе, бүгін Астанадағы «түтінді ауа» әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Олардың бірі «Үстінен қарасаң – тұман, астынан қарасаң – түтін» деп жазды. Ал Алматыда да ауа сапасының күрт нашаралағаны тағы да қайталанды. Ендеше, шағын фотобаянымызды «Түтінге тұншыққан қала» деген тақырыпта ұсынуды жөн көрдік.
Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы