Таразда жол апатынан бір отбасының төрт адамы қаза тапты – Тосын жай

127

Таразда жантүршігерлік жол апатынан бүтін бір отбасының төрт адамы қаза болды. Екі жеңіл көлік соқтығысқан, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Асқан жылдамдықпен келе жатқан Nissan жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарсы беттегі Audi көлігін соққан. Соққыдан кейін көлік жолдан шығып, талға соғылған. Оқиға орнында ерлі-зайыпты, 70-тегі қария және 20 жастағы жігіт қаза тапқан.

Ал Nissan көлігі қатты соққыдан өртеніп кеткен. Оның жүргізушісі жарақат алып, емханаға жеткізілген. Тергеуді бастаған Жамбыл облысының полиция департаментінің өкілдері жол-көлік оқиғасын көрген куәгерлер болса хабарласуды сұрайды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz