Тау төбесіндегі монастырь – Фотобаян

191

Іле Алатауының табиғаты өзінің бірегей сұлулығымен таңқалдырады. Ал Ақсайдағы тау бөктерінің біріне көтерілсеңіз, көпшілік «Ақжар скиті» атап кеткен, ерлерге арналған монастрыдың қарсы алдынан шығасыз. Жан-жағын қоршап жатқан қалың орман, биікке салынған жол, монастырьдың жарық шамдары, біртүрлі сезім сыйлайды. Бір жағы үрейленесің.

Тып-тыныш табиғат аясынан бой көтерген бұл құпияға толы жердің өзіндік тарихы да жоқ емес. Ақжар скиті Қызылжар тауында орналасқан. Оған жету үшін монастырдың осы сыртқы қақпасынан өтіп қияға өрлеп шығу керек болады. Ақжар скитіне көтерілер тұста аумаққа кіру тәртібі көрсетілген белгі бар. Скит ішінде тек монахтар тұрады. Ал бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған.Ендеше «Таза.ел» оқырмандарына дайындаған фоторепортажымызды ұсынамыз.

Суреттерді түсірген: Досжан Балабекұлы, Алматы облысы