Текелі тұрғындарын тыныштық сақтауға шақырды – Ел жаңалықтары

Алматы облысындағы Текелі қаласында антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі қалалық әкімдік өкілдеріне сілтеме жасап. 

Қаладағы кейбір көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. 

“Оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде тыныштықты сақтауды сұраймыз”, – деді Текелі қалалық әкімшілігінің өкілдері. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz