Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

Жалғасы Қазақстанда пойыздарда темекі шегуге тыйым салынды “Жолаушылар тасымалы” компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды”, – деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов.  Мүгедектіктің барлық тобының, сондай-ақ мүгедек балалардың сапарына қатысты өзгерестер енгізілді. Оларға билетті негізгі құнынан 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатып алуға болады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша – тасымалдаушының көзқарасына байланысты.  2018 жылы “Жолаушылар тасымалы” АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатындарын хабарлаған еді.

Kaz.tengrinews.kz