Теңіз кен орнында COVID-19 жұқтырғандардың саны 800-ден асты

Атырау облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 923-ке жетті , – деп хабарлайды “Ақ Жайық”.

Жедел штаб өкілдері өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 32 адам тіркелгенін айтты.

Науқастардың ішінде Теңіз кен орнының жұмысшылары бар. Осылайша кен орнындағы науқастардың саны 809-ға жетіп отыр.

“Тағы төрт адам коронавирус жұқтырды – Құрманғазы ауданының 1962 және 1977 жылғы тұрғындары, біреуі Құлсары тұрғыны, 1968 жылғы, тағы бір Мақат тұрғыны, 1995 жылғы”, – деді жедел штабтағылар.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.