“Тілді насихаттаймыз”: Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты

Ресейде тоғызыншы сынып оқушысы қазақтілінде ақпарат тарататын радио ашты. ЕндіОмбы қаласының тұрғындары таза қазақ тілдіхабарламаларды онлайн режимде тыңдай аладыдеп хабарлайды Астана арнасы.

Аталған игі бастамаға мектеп оқушысы ИльяГальцов мұрындық болған.

Ресейлік жасөспірімнің сөзінше, ол жазғыдемалыста, Қазақстандағы атаәжесініңүйінде жүрген кезде, қазақ тіліне дегенқызығушылығы арта бастаған.

“Радио арқылы біз қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдетғұрпын насихаттаймыз. Қазір грант байқауына қатысып жатырмыз. Кейін бүкіл Ресейге жарияланатын әуетолқынды алғымыз келеді. НәтижесіндеРесейдің кез келген жерінде жүрген қазақтарана тілін жаттап, тарихи отаны жайындабүкіл жаңалықтардан хабардар болады“, – дейдірадио директоры Илья Гальцов.

Қазіргі таңда онлайн режимде жұмыс істептұрған радио қазақ тіліндегі жаңалықтар менәндер жариялайды.

Жуырда Илья Гальцов радиоға қазақ тілікурстарының аудио нұсқасын енгізуді жоспарлапотыр. Оның сөзінше, әзірге радионы күніне 300-ге жуық адам тыңдайды екен.

Жасөспірім тыңдармандардың аясын кеңейтуүшін жеке әуе толқынына ие болып, оны бүкілРесейге таратуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде тек Омбы облысыныңөзінде 80 мыңнан астам этникалық қазақтұрады.  

А. Құрманкин