Тірі адамның іздері жоқ. Жоғалған альпинистер әлі табылмады

Қазақстандық альпинистер Жеңіс шыңына 14 рет ұшып, альпинистерді таба алмады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс минситрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Іздеу жұмыстары 5100 – 6000 метр биіктікте жүргізілді. Бөктерге максималды жақындау 70 метрді құрады. Іздеу-құтқару операциясының жетекшісі Василий Пивцовтың сөзінше, шолу мен тепловизоров арқылы іздеу нәтиже бермеді. Тірі адамдардың да, жансыз мәйіттердің де іздері табылмады, – делінеді хабарламада.

Жаяу іздеу операциясын жүрізу мүмкін емес, өйткені қар көшкіні қауіпі жоғары. Әскерилер қазір Қарқара лагерінде орналасқан.

4 тамызда биіктігі жеті мыңдық Жеңіс шыңын бағындыруға аттаған альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев және Андрей Корнеев 15 тамызда Александр Чечулиннің ауырып қалғанын хабарлап, Абалаков маршрутымен төмен түсу жөнінде шұғыл шешім қабылдаған. Қайту кезінде олар көшкінге тап болып, жабдықтарының бір бөлігінен айырылып қалады.

16 тамызда олар соңғы рет байланысқа шығып, Александр Чечулиннің көз жұмғанын айтты. Марқұмның денесі 6900 метр биіктікте қалды. Андрей мен Мұрат төменге түсуін жалғастырды. Ауа-райын ескергенде аталған бағыт бойынша олар тау етегіне кемінде төрт күннің ішінде жетуі тиіс болған.

18 тамызда Жеңіс шыңына тікұшақ ұшып, альпинистердің іздерін таба алмай қайтты.

19 тамызда ТЖМ құтқарушылары мінген тікұшақ келді.

20 тамызда альпинистер Василий Пивцов пен Мақсұт Жұмаев бастаған әскери борт іздеуге шығып, ештеңе таппады.

21 тамызда ауа-райының нашарлығынан тікұшақ көтерілмеді.