Тоғызыншы қабаттан вентиляциялық шахтаға құлаған ер адам аман қалды – Видео – Бір үзік

Башқұртстан тұрғыны тоғыз қабатты үйдің шатырынан вентиляциялық шахтаға құлап кетіп, аман қалды. Оны үйінділер арасынан шығару шаралары видеоға түсірілген, – деп хабарлайды “Вести.Ru”.

Оқиға 18 қаңтарда Белорецк қаласында болған. Көпқабатты үйдің тұрғыны төбетті сыртқа серуендетуге алып шығуға бара жатқанда, қабырғаның арғы жағынан “құтқарыңыздар” – деген дауыс естіп, құтқару қызметіне қоңырау шалған. ТЖМ қызметкерлері вентиляциялық шахтаның біршама бөлігін бұзып, 29 жастағы жігітті шығарып алған. 

Оның денесінде кейбір жері сырылғаны болмаса, денсаулығына еш зиян келмеген. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz