Тоқаев 2020 жылы өтетін форумды экология мәселелеріне арнауды ұсынды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі келесі Форумды 2020 жылы Көкшетауда өткізіп, жиынды экология және жасыл өсім мәселелеріне арнауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология – Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібіндегі негізгі салалардың бірі. Қоршаған орта мәселелері шекара талғамайды. Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі келесі Форумды 2020 жылы Көкшетауда өткізіп, жиынды экология және жасыл өсім мәселелеріне арнауды ұсындым, деген жазба шықты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter-інде.