Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды tazael.kз

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады” деп жазды Facebook-тегі парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.