Тоқаев 300 мың қол жинап, президенттіккекандидат ретінде тіркелді

Орталық сайлау комиссиясы ҚР президенттігінекандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлыққұжатын тіркеп, оның сенімді өкілі Nur Otanпартиясы төрағасының бірінші орынбасарыМәулен Әшімбаевқа куәлік берілді.

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина 23 сәуірде NurOtan партиясы қоғамдық бірлестігі Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаевты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оныңкелесідей тиісті құжаттарын ұсынғанын айтты

«Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігініңжоғары органының Тоқаевты президенттіккекандидат ретінде ұсыну жөніндегі мәжілістіңNur Otan партиясының Әділет министрлігіндетіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қосаберілген хаттамасынан үзінді; президенттіккекандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісімбергені туралы Тоқаевтың өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасыненгізгенін куәландыратын құжат жәнекандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенінанықтау негізінде ОСК 2019 жылдың 25 сәуірдегі №16/244 қаулысымен президенттіккекандидат Тоқаевтың Конституцияға және«Сайлау туралы» Конституциялық заңындақойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қолжинау парақтары берілді», – деп мәлімдеді ОСК хатшысы.

ОСК-ға кандидатты тіркеу үшін келесі құжаттарұсынылған:

Президенттікке кандидат Қасым-ЖомартТоқаевтың кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органыныңанықтамасы

кандидатты тіркеуге кедергі келтіретінаурулардың жоқтығы туралы медициналыққорытынды

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлаукомиссияларының азаматтардың президенттіккекандидат Тоқаевты қолдап жиналған қолдарынтексерудің нәтижелері туралы хаттамалары

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлаукомиссияларының хаттамаларына сәйкескандидат Тоқаевты қолдап барлық 17 өңірден315 910 азаматтық қол жиналды, оның ішіндерас деп танылғаны – 313 653. 2019 жылы 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталғанҚР президенттігіне кандидатты қолдапжиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс», – дедіСәбила Мұстафина

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттіккекандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиістіқұжаттар ОСК-ға ұсынылғанын және қойылғанталаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабы, 5-тармағында көзделген құжаттардыңұсынылғаны туралы ҚР ОСК хаттамасы негізіндеОСК қаулысымен Тоқаевты 9 маусымда өтетінкезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайыуақытша шот ашу үшін тіркелу туралымәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Тоқаевтытіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялаубелгіленді.

Отырыс соңында ОСК төрағасы Берік Мәжитовөз қолымен кандидаттың сенімді өкілі МәуленӘшімабевқа тиісті куәлік табыстады.

Назерке АБИБУЛЛА

BAQ.KZ