Тоқаев алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын үкіметтің кеңейтілген отырысы 15 шілде күні өтетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

“Келесі дүйсенбіде президенттің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтеді. Біз қарапайым заттардың экономикасы мәселесін талқылаймыз. Әкімдер дайын болсын“, – деді Мамин.

Еске сала кетейік, жыл басында үкіметтің кеңейтілген отырысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Күн тәртібінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі талқыланып, мемлекеттің экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі тиісті шаралар анықталды.