Тоқаев Арыстағы жағдайға байланысты шұғыл тапсырма берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы Арыс қаласындағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет, – деді Президент.