Тоқаев Астана атауын өзгерту туралы қаулыға қол қойды – Ел жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан етіп қайта атау туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Төменде қаулының мәтіні: 

“Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz