Тоқаев Атырау облысында газ және химия кешенінің құрылысын талқылады – Ел жаңалықтары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Borealis” компаниясы басқармасының төрағасы Альфред Штернді қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Borealis компаниясымен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда ірі жобаларды жүзеге асырудың мәні зор екенін айтты.

“Мен өзара ықпалдастығымызға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселе жөнінде, әсіресе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысы туралы Сізбен пікір алмасқым келеді”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Borealis компаниясының еліміздегі негізгі жобалары мен олардың жүзеге асырылу перспективалары жөнінде баяндалды.

Альфред Штерн өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz