
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға алғыс білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Д.Н.Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін”, – деп жазған Президент Twitter желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып 2019 жылдың 20 наурызда сайланған еді. Бүгін, 2 мамырда өкілеттігі тоқтатылды.