Тоқаев Президент болып сайланды – ОСК алдын-ала қорытындысы

Президент сайлауына Nur Otan партиясынан түскен кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинады, деп мәлімдеді брифингте Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа 70,76% дауыс берілді, Әміржан Қосановқа – 16,02%, Дәния Еспаеваға – 5,2%, Төлеутай Рахымбековке – 3,2%, Амангелді Таспиховке – 2,7%, Жамбыл Ахметбековке – 1,82 %, Сәдібек Түгелге – 0,92%, – деді Петров.