Тоқаев Үкіметке пойыз билеттеріне қатысты былықты жоюды тапсырды

Тоқаев Үкіметке пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан тудыратын жайттарды назарға алып, оны шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр” деп жазды Президент Тwitter-дегі парақшасында.

Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр