Тоқаев зейнетақы жарнасын 5%-ға дейін төмендетуге батпады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жарналарын төмендету мәселесі 2023 жылға дейін кейінге қалдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері сол уақытқа дейін өз ұсыныстарын дайындайды.

– Ел азаматтары жалақысының 5 пайызын ғана зейнетақы қорына аудару үшін зейнетақы саласындағы мәселелерге алаңдап отыр, – деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан кейін қаралуы мүмкін.

– Біз бұл сұрақты 2023 жылға дейін қалдырып отырмыз, өйткені зейнетақы жарналары туралы мәселені сол кезде қарастырамыз. Әрине, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша біздің Ұлттық кеңестің мүшелері өз ұсыныстарын әзірлеуде, – деп сендірді Тоқаев.