Тоқаев жаңа әліпбиді әлі жетілдіре түсуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасына көшу жайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр” деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде.