Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатты іс-шарасына қатысады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы және Қазақстандағы волонтерлер жылының ашылу салтанатты іс-шарасына қатысады, деп хабарлайды /tazael.kz/

Бүгін елордада ЭКСПО павильондарының бірінде Мемлекет басшысының қатысуымен Жастар жылының жабылуы және Қазақстандағы волонтерлер жылының ашылу салтанатты шарасы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 500-ге жуық жастар қатысады.

Рәсімнің өтетін орны кездейсоқ таңдап алынбаған. “ArtHUB” павильонында – шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылмақ. Бұл жастар жылының өзіндік мұрасына айналады.

Павильонның жалпы ауданы – 2,5 мың шаршы метр. “ArtHUB” жастар дайындаған LOFT форматында жасалынып, безендіруші қондырғылармен жасақталып, тақырыптық аймақтарға бөлінеді.

“ArtHUB” құру жас таланттарды тартудың қосымша орталығы болады әрі ол Қазақстан жастары зияткерлік банкі іспетті жұмыс істейді деп күтіледі.