“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” жайлы жалған ақпарат таратқан адамға іздеу салынды

7 маусымда әлеуметтік желіде азаматтардың “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарын жаппай жауып жатқандығы” жайында ақпарат тараған. Бұл хабарламамен қоса, банк бөлімшелерінде ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың суреті жарияланған. Алайда, ақпарат жалған болып шықты.

Желіде тараған ақпараттың жалған екенінТұрғын үй құрылыс жинақ банкініңөкілдеріресми түрде мәлімдеді.

“Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Керісінше банкке 456 салымшы жаңа депозиташып, 95 салымшы банктік қарыз алды. Сондайақ, салымдарды біріктіру, бөлу жәнеоны басқа салымшының атына аударужұмыстары жоспарлы режимде жүргізілуде. Ал жалған ақпарат таратқандар міндетті түрде жазаланатын болады“, – дейдіҚазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіАҚ басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимова.

Енді дүйім жұртты дүрліктіріп, қауесет таратқанадам қылмыстық жауапкершілікке тартылуымүмкін. Өйткені банк басшылығы еліміздіңҚылмыстық кодексіне сәйкес, құқық қорғауоргандарына шағым түсірген.

Дереккөз КТК арнасы