“Үйінді астында қалды”. Пәкістанда алапат жер сілкінісі болды

24 қыркүйек күні таңертең Пәкістанның шығысында алапат жер сілкінісі болды, әзірге 22 адам мерт болып, 700-ден астам адам әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны айтылуда, деп хабарлайды  РИА Новости агенттігі

Пәкістанның Ақпарат министрі Муштаф Минхас зардап шеккендерге алғашқы қажеттілігіне керек-жарақтар таратылып жатқанын, оларға лашық берілгенін айтты. Құзырлы орган жер сілкінісі болған аумақ халқына үйлеріне оралмауға кеңес берген.

Өңірде төтенше жағдай жарияланып, табиғи апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметі бойынша, 6 балдық жер дүмпуі Пәкістанның Джелума қаласынан солтүстікке қарай 23 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісі Пәкістанның барлық өңіріне сезілген.