Үкіметтегілер Асқар Маминнің жалған аккаунты пайда болғанын айтты – Ел жаңалықтары

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Instagram желісіндегі парақшасы жалған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтегілер тіркеулік жазбаның қолданылуын тоқтату бойынша сәйкес шаралар қабылданып жатқанын айтты.

“БАҚ, сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларынан тек ҚР премьер-министрінің Primeminister.kz ресми сайтында және Фейсбук, ВКонтакте, Твиттер, Instagram, Перископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінде, Youtube ресми арнасында нақтыланған аккаунттарында орналастырылған ақпаратты пайдалануларын сұраймыз”, – делінген үкіметтің хабарламасында.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz