Ұлтаралық араздықты қоздырды деген алматылыққа қатысты тергеу жүріп жатыр – Қылмыс

76

Алматы қалалық полиция департаменті қоғамда ұлтаралық араздықты қоздырды деген тұрғынға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство өкілдеріне сілтеме жасап.

Ер адам монологын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратқан.

Оның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша қарастырылып жатыр. Өндірісті қалалық ПД-нің Тергеу басқармасы жүзеге асырып жатыр. 

Сондай-ақ, сараптамалар тағайындалғаны айтылады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz