Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кезекті ротация жасалды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамына кезекті ротация жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Facebook-парақшасына сілтеме жасап.«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына бірқатар азаматтық қоғам өкілдері – «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинова, Atameken Business Channel телеарнасының бас директоры Қанат Сахариянов, журналист, блогер Өркен Кенжебек, медиа сарапшысы Максим Рожин, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров енгізілді»,-делінген хабарламада. Ротация аясында Кеңес құрамынан Д.Әшімбаев, М.Тайжан, С.Құттықадам, Б.Мусин және Ж.Қожық шығарылды.