Ұлттық валюта нығайып келеді – Нарық

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 375,49 теңгеге тең болды. Еске салайық, 15 наурызда доллар бағамы 378,92 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 376 теңгемен өтті. Максималдық құны 376,1 теңге болды, ал минималдық құны – 374,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 61,829 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 375,5-377 аралығында.

Астана уақытымен 11.07-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 66,98 доллар болды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz