ҰҚК Алматыда шетелдіктерге жалған құжаттар жасаған қылмыстық топты ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда қылмыстық топты тінту жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен өзара іс-қимылда Орталық Азия өңірі елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде № 086 үлгіде жалған анықтама беру жөнінде қызмет көрсеткен бірқатар делдал кірген”, – делінген ҰҚК хабарламасында. Комитеттегілердің мәліметінше, қылмыстық іс фигуранттарында тінту жүргізу нәтижесінде 40-тан аса шетелдік азамат төлқұжаты, 2 миллион теңгеден асатын ақша және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыру бойынша басқа да құжаттар алынған. © ҰҚК баспасөз қызметі Көрсетілген топтың қылмыстық әрекеті жүйелі түрде және ұзақ сипатта болған. Шетелдіктер жалған мекенжайлар бойынша тіркеліп, жалған еңбек шарттары жасалған. ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Kaz.tengrinews.kz