ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап. 

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.

Фото: ҚР ҰҚК “Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып  алу кезінде ұсталған”, – делінген хабарламада.  Фото: ҚР ҰҚК Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Kaz.tengrinews.kz

.