ҰҚК Қостанайда қару жасайтын жасырын цех барын анықтады

Қостанай облысында жарамсыз қару-жарақты ұрыс қаруына айналдырып, жасайтын шағын цех жұмыс істеген, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды қайта жарамсды қып жасайтын шағын цех ашқан Д.Басакин мен А.Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды” – делінген ведомоства ұсынған ақпаратта.

Сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, яғни “Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, оны біреуге беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру” және 291-бабы -“Қаруды, оқ-дәрілерді, жрылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды ұрлау немесе қорқытып алу” баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды.

Бұл іске қатысты бір күдікті әлі ұсталмады, оған іздеу жарияланған.

Айта кетсек, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы операция өткізіп, жоғарыда аты аталған адамдардан салмағы 2 келі болатын “аммонит” жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстаған бюолатын.