
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қайта құрылуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Ашық НҚА” порталында Президенттің “Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы” жарлығы жарияланды.
“Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын”, – делінген сайтта.
Құжаттың жобасы 2 наурызда жарияланған. Бұл қаулыны 17 наурызға дейін осы сайтта талқылауға болады.