Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

“18-20 наурыз аралығында оң мәнді күндізгі ауа сақталуынан Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарында қар еру процессі, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі”, – делінген таратылған хабарламада. 

Осыған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қазақстанның қай өңірін осы көктемде су басуы мүмкін екенін айтты.

“Біздің Ресей ТЖМ-нен келген әріптестеріміздің мәліметі бойынша, Саратов және Орынбор облыстарының аумағында орналасқан су басуды қалыптастыруы мүмкін үлкен қар қоры мен ағындар БҚО-да су тасқынына алып келуі мүмкін. Қажет болған жағдайда күш-жігерді көмек қажет ететін өңірлерге көшіру жоспарланып отыр”, – деді Ильин.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысындағы Нұра өзені бойындағы елді мекендер мен Ақмола облысындағы Атбасар қаласы құтқарушылардың бақылауында тұр. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz