Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 16 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, дауыл болады, найзағай ойнайды, кей жерлерде шығыс, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел тұрады. Дауыл ықтималдығы – 95-100 пайыз.

17 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Дауыл ықтималдығы – 90-95 пайыз. Осы күні Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Дауыл ықтималдығы – 90-95 пайыз.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz