WhatsApp мессенджерінде ірі ақау шықты – Ғаламтор

Сейсенбіде, 22 қаңтарда әлемдегі ең танымал мессенджер – WhatsApp жұмысында ірі ақау пайда болды. Бұл туралы танымал интернет-ресурстардың жұмысын бақылап отыратын Downdetector сервисі хабарлады. 

Сервистің жұмысында АҚШ-тың Шығыс жағалауында сағат 13:17-де (Астана уақыты бойынша 23 қаңтар 00:17-де) қиындықтар пайда болды. Еуропа, Бразилия, АҚШ, Мексика, Ресей және басқа да елдерде де мессенджер істемей қалған.


© downdetector.com

Сервистегілердің мәліметінше, қолданушылар хабарламаны жіберу және қабылдау бойынша қиындықтарға тап болған – 40 пайыз. 37 пайызында Желіге қосылу мәселесі туындаған. Тағы 22 пайызында тіркелуде қиындықтар туып, өз аккаунтына кіре алмаған. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz