WhatsApp тағы да істен шықты

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерге қолжетімділіктің қиындауына шағымданды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында WhatsApp мессенджерінде кейбір пайдаланушылардың жұмыс істемей жатқанын жазды. 

WhatsApp-тың web-нұсқасында және мобильді қосымшада да байқалды. Кейбір қолданушылар хабарламалардың жіберілгенімен, бірақ медиафайлдар жүктелмейтінін айтады.

Сондай-ақ, кейбір қазақстандықтар Facebook және Instagram желілеріне де кіре алмай отырғанын жазып жатыр.

Tengrinews.kz редакциясы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ресми сауал жіберді.

kaz.tengrinews.kz